Жетістіктер

Рүстем Қайыртайұлы

"Алатау" дәстүрлі өнер театрының айтыскер ақыны Рүстем Қайыртайұлын "Тұғыры биік Тәуелсіздік" атты VIII "Алтын домбыра" республикалық ақындар айтысында Бас жүлде "Алтын домбыраны" жеңіп алуымен құттықтаймыз.

 

Алма Аманжолова Қазыбек Әдікей

Қоғамдық марапаттау жөніндегі Республикалық Кеңес шешімімен "Қазақ өнерінің қайраткері" төсбелгісімен "Алатау" дәстүрлі өнер театрының  әншілері Қазбек Адыкеев, Алма Аманжоловалар марапатталды.

 

Жанаргүл Сәркенова

"Алатау" дәстүрлі өнер театрының әншісі Жанаргүл Сәркенованы Ғарифолла Құрманғалиевтың 110 жылдығына орай ұйымдастырылған I - Республикалық әншілер байқауының 2-ші дәрежелі лауреаты атанған жеңісімен Театр ұжымы құттықтайды! Биіктерден көріне беріңіз!

 

Қайратбек Бектұрсын

Атырауда Ғарифолла Құрманғалиевтың 110 жылдығына орай ұйымдастырылған I - Республикалық әншілер байқауының арнайы жүлдесімен марапатталған "Алатау" дәстүрлі өнер театрының әншісі Қайратбек Бектұрсынды Театр ұжымы құттықтайды! Өнерің өрге жүзсін!

 

Ерғали Ағайдаров

"Жырлайды жүрек" атты облыстық Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған әндер байқауында "Бас жүлде" иеленген "Алатау" дәстүрлі өнер Театрының әншісі Ерғали Ағайдаровты Театр ұжымы құттықтайды! Алар асуларың көп болсын!