Әлемді әлдилеген

Алатау» дәстүрлі өнер театры өнерпаз жігіттерінің 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әлемді әлдилеген...»  атты мерекелік концерті өтеді

  Мерекелік шараның мақсаты – «Алатау» дәстүрлі өнер театры Ұлы дала Елордасы Астананың 20 жылдығы, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақала аясында, рухани құндылықтарды ұрпақ санасына сіңіру мен қазақ салт-дәстүрлерін насихаттау.

Бұл кештің ерекшелігі – кешегі сал-серінің бүгінгі ұрпағы алатаулық өнерпаз-серілеріміз бен айтыс ақындарының көк желекті көктеммен бірге көңілге қуаныш сыйлай келетін аяулы аналарымыздың, әпкелеріміздің, қарындастарымыздың төл мерекесі – 8 наурыз мейрамына арнап тек әйел затына арналған ән, жыр, арнау, поэтикалық көрініс орындалады.

Мерекелік кешке бүгінде республикаға танымал Жәкен Омаров, Серік Қалиев, Ринат Заитов, Рүстем Қайыртайұлы бастаған театрдың бетке ұстар майталмандары мен дәстүрлі өнерпаз жігіттері қатысады.

2018 жылғы 7 наурыз. Басталуы: сағ. 18.00, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының концерт залы.