Жастар дәстүрді дәріптейді

2019 жылдың 27 сәуірінде, сағат 18.00 де  «Жастар жылы» аясында «Алатау» дәстүрлі өнер театрының ұйымдастыруымен «Жастар дәстүрді дәріптейді» атты Алматы қаласы Жоғарғы оқу орындары арасындағы дәстүрлі өнер фестивалі өтеді.

Фестиваль мақсаты:

– елімізде жарияланған «Жастар жылын» қолдау;

– жастар арасында ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу;

– дәстүрлі өнер түрлерін заманауи бағытта жаңғырту;

  • халық ауыз әдебиеті эпос жырларындағы және мәдениетіміздің үздік құндылықтарындағы бабаларымыздан мирас болған салт-дәстүрлерімізді өскелең ұрпаққа насихаттау;
  • дарынды жастарды, өнер ұжымдарын анықтап, қолдау көрсету.

 

Фестиваль ерекшелігі: Алматы қаласындағы ЖОО студенттері мен шығармашылық үйірмелері қатысады.Фестивальда халқымыздың «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш–Баянсұлу», «Айман, Шолпан», «Еңлік–Кебек» сынды халық ауыз әдебиеті эпос жырларындағы және мәдениетіміздің үздік құндылықтарындағы бабаларымыздан мирас болған салт-дәстүрлерімізден үзінді алып, сахналық қойылым  үлгісінде көрсету. Қойылым ұзақтығы 30 минут.