Хат жазамын майданнан...

«ХАТ ЖАЗАМЫН МАЙДАННАН...»
Концерт – спектакль

«Алатау» дәстүрлі өнер театрының концерт залында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, сондай-ақ 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесіне арналған Театр өнерпаздарының қатысуымен «ХАТ ЖАЗАМЫН МАЙДАННАН...» атты концерт-спектакль өтеді.

Есімдері тарих бетінде алтын әріптермен жазылған қазақтың батыр ұл-қыздары Әлия мен Мәншүк, Баубек Бұлқышев сынды батырларымыздың естелік хаттарынан үзінділер оқылып, майданда ерліктерімен із қалдырған бабалар рухын дәріптеуге арналған көріністерге ұласады.

Сонымен бірге, Театр өнерпаздары Алма Аманжолова, Қазыбек Әдікей, Сәулежан Тақзия, Санат Исаев, Айсәуле Қайырғазина, Жанаргүл Сәркенова, Шаттық Уатқан, Жасұлан Сақаев, Ерғали Ағайдаров «Дариға сол қыз», «Жас Қазақ», «Кестелі орамал», «Қара кемпір», «Ана туралы баллада», «Жойылсын жалғыз сөз «соғыс» деген», «Алғадай», «Әлия», «Бабаларым», «Соғыстан қайтқан солдаттар», «Майдандастар» сияқты майдан даласында жазылған және соғыс қасіретін суреттейтін әндерді орындайды.

Өтетін күні: 6 мамыр, 2019 жыл, сағат 18:00.
Өтетін орны: «Алатау» дәстүрлі өнер театрының концерт залы.
Мекен жайы: Алатау ауданы, Нұркент ықшам ауданы, 6 үй.
Байланыс тел.: 8 (727) 224-89-77