Елін сүйген Елбасы

2019 жылдың 27 қарашасы, сағат 19.00-де «Алатау» дәстүрлі өнер театрында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай «Елін сүйген Елбасы» атты концерт-спектакль өтеді.

Концерттің мақсаты – Ұлт Көшбасшысының елімізді дамыту мен Тәуелсіздікті нығайтуға қосқан ерен еңбегін насихаттау.

Концерт-спектальде Елбасының бала кездегі арманынан бастап, мемлекет қайраткері болғанға дейінгі өмір кезеңдері сахналанады. Сонымен қатар, шара барысында Театр өнерпаздары «Алатау» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің сүйемелдеуімен дәстүрлі және халықтық ән-күйлерді тарту етеді.