Тәуелсіздік таңы

2019 жылдың 12 желтоқсанында, сағат 19.00-де Алатау ауданы әкімшілігі мен «Алатау» дәстүрлі өнер театрының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының «Тәуелсіздік күніне» орай, «Тәуелсіздік таңы» атты мерекелік концерт өтеді.

Концерттің мақсаты: Тәуелсіз қазақ елінің осы күнге дейін жеткен жетістіктерін сахна төрінде әсем ән, күмбірлеген күй және жыр маржанмен ұлықтап, дәріптеу.

Кеш қонақтары: Ардагерлер хоры, Сұлушаш Нұрмағамбетова, Талғат Жорабаев, Ерлан Орынбасаров, Баян Нұрмышева және Театрымыздың әншілері Алма Аманжолова, Бибігүл Қилымхан, Шаттық Уатқан, Әсет Есжан, Владимир Умеров, Жанар Бектұрғанова, Әлім Меңдібаев, Лаура Королева, сонымен қатар, «Алатау» фольклорлық-этнографиялық ансамблі мен бишілері, «Үшқоңыр» тобы және «Алатау серілері» өнер көрсетеді.