Ұстаз - саған мың алғыс

(IV ТЕАТР МАУСЫМЫНЫҢ АШЫЛУЫ)

Өтетін күні мен орны: 2020 жылғы 16 қазан. Басталуы: сағ. 16.00 және 18.00, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының концерт залы.

Мерекелік шараның мақсаты: «Алатау» дәстүрлі өнер театры «Ұстаз – саған мың алғыс» атты мерекелік концертпен,  өзінің 4 ші маусымдық шымылдығын ашады. Концертте театр өнерпаздарының үздік туындылары ансамблдің сүйемелдеуімен және де жекелей орындалады. Театр актерлары ұстаздарға арнап поэзия оқып, бишілер жаңа билерін көрермен назарына ұсынады.

Мерекелік кешке ҚР Мәдениет қайраткерлері Алма Аманжолова, Қазыбек Әдікей бастаған театрдың бетке ұстар майталмандары мен ҚР Мәдениет саласының үздігі Жанаргүл Сәркенова, «Алатау» серілер тобы, «Үшқоңыр» тобы, Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаттары өнер көрсетеді.