Елім деген Елбасы!

"Алатау" дәстүрлі өнер театрының концерт залында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай «Елін сүйген Елбасы» атты концерт өтеді.

Концерт Елбасына арналған поэзиялық қойылыммен шымылдығын ашып, Театр өнерпаздары «Алатау» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің сүйемелдеуімен дәстүрлі және халықтық ән-күйлерді тарту етеді. "Алатау" бишілерінің жаңа би туындысы тамашалай аласыздар. Аталмыш концерттің қонағы Қазақстанның халық әртісі - Алтынбек Қоразбаев өнер көрсетеді. Сонымен қатар, «Алтын домбыра» иегері Р. Қайыртайұлы бастаған айтыскер ақындары айтыс додасына түсіп, арнау айтады. «Алатау» дәстүрлі өнер театрының көру және есту мүмкіндігі шектеулі жандардың мәдени демалысын ұйымдастыру бөлімінің қызметкерлеріде өнерлерін ортаға салады.

Келіңіздер! Мерекелік кеш рухани демалыс сыйласын!

Фотошежіре