Көк тудың желбірегені

12 желтоқсан сағат 18:00-де «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Көк тудың желбірегені!» атты мерекелік концерт өтеді.

Азаттықты сан ғасырлар бойы аңсаған еліміз үшін атаулы мерекенің маңызы зор. Ынтымағы мен бірлігі жарасып, күннен күнге қарыштап дамып келе жатқан Егемен еліміздің осы күнге дейін жеткен жетістіктері сахна төрінде әсем әнмен күмбірлеген күй және жыр маржандарымен жалғасады.

Кеш қонақтары: Әбиірбек Тінәлиев – әнші, композитор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Рамазан Стамғазиев – ҚР еңбек сіңірген әртісі, Айгүл Үлкенбаева – ҚР еңбек сіңірген әртісі, Алмасбек Ахметбек – ҚР мәдениет қайраткері, ақын. Сондай-ақ, театрымыздың өнерпаздары және «Алатау» фольклорлық-этнографиялық ансамблі мен «Алатау» бишілері өнер көрсетеді.