Батыстағы айтыста бақ жұлдызы жанған Рүстем!

15-16 қараша күндері Ақтөбе облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тұғырлы Тәуелсіздік» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Екі күнге созылған сөз майданында , 20 ақынның ішінен жүзден жүйрік шығып жүлделі 1-ші орынды иеленген Алатау дәстүрлі өнер театрының айтыскер ақыны Рүстем Қайыртайұлын, 3-ші орынды қанжығасына өңгерген Қанат Мырзаханды және көрермен ықыласына бөленіп тамаша айтыс үлгісін жасаған Ақниет Жұбанышты шын жүректен құттықтаймыз! Ақындарымыздың абыройы аласармай , елдің мұңын айтыа жүре берсін.

Бөлісу: