Алатаудан Түркияға...

Дәстүрлі өнерімізді ұлықтаушы «Алатау» дәстүрлі өнер театры ұжымы жуырда Түркия еліне, Ыстамбул қаласына, «Алтыбақан» ойын - сауық бағдарламасымен іс-сапарға аттанбақшы. «Алтыбақан» ойын - сауық бағдарламасында дәстүрлі әндермен қатар ұмыт болып бара жатқан, көне дәстүрлі ән-жырлар да орындалады. Театрымыздың толық шығармашылық тобы (60-қа жуық артист) өнер көрсетеді. Сондай – ақ, бұл бағдарламада дәстүрлі ән мектебінің бесеуі де қамтылмақ. Алатау фольклорлық ансамблі мен мың бұралған бишілеріміз кештің сәнін одан әрі әрлендіре түседі. Қазақ мәдениетіндегі ән-мен жыр өнерінің алар орны ерекше. Қазағым өмірінің бүкіл тыныс-тіршілігін өлеңмен өрнектегені бесенеден белгілі. Шындығында сәби дүниеге келгенде “бесік жырымен” әлди¬леп қарсы алып, адам дүниеден өткенде “жоқтау” айтып шығарып саламыз. Ғасырлар қойнауынан басталатын осы тамаша дәстүр әлі күнге дейін жал¬ғасын тауып келеді. Бүгінгі күн жас¬тарының тойы да “жар-жар”, “бет¬ашар¬мен” өтетіні ата-баба салтына адалдықтың айқын көрінісі іспеттес. Ата-бабамыздан мұра болған, қасиетті дәстүрлі ән-жырымызды болашақ ұрпаққа бұлжытпай жеткізу бізге аманат. Осы орайда «Алатау» өнерпаздары еш аянбақ емес. Ыстамбулда әйгілі апортымызды сыйға тартып, жалғасын тапқан дәстүрімізге сай шашу шашпақшы. Бүгінгі күні түркі әлемін қазақ өнерімен сусындандырса, болашақта қазақтың дәстүрлі өнерін әлемге паш етпекші. Күміс көмей, жез таңдай әншілеріміз түрік тілінде де ән шырқамақ. Шетелге алғаш рет шыққалы отырған шығармашылық топқа сәт - сапар тілейміз!

Бөлісу: