"Жамбылдан аманат"

Күні кеше Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында қазақ халық поэзиясының алыбы атанған Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Халық аспаптар оркестрі мен Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры және «Алатау» дәстүрлі өнер театрының бірлескен жобасы «Жамбылдан аманат» атты концерт спектаклі өтті. Көрерменге ерекше көңіл сыйлаған бұл концерт спектакльде Жамбылдың жырларынан бастап , түрлі-түрлі өлеңдері оқылды. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Халық аспаптар оркестрінің орындаған күйлері, сүйемелдеген композициялары тіптен бөлек болды. Жас Жамбыл мен Айкүмістің рөлін сомдап, айтысынан үзінді көрсеткен «Алатау » дәстүрлі өнер театрының артистері Шаттық Құмар мен Ұлжан Ағлақова келген көрерменнің алғысына бөленді.

Бөлісу: