Алатау артистері Түркияда!

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНА ҚАРАСТЫ "АЛАТАУ" ДӘСТҮРЛІ ӨНЕР ТЕАТРЫ Ұжымының Ыстамбұл қаласы әкімдігі және Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы елшілігінің қолдауымен Түркия елінің Ыстабұл қаласында "Алтыбақан" ойын-сауық ән кеші.

Театр директоры – Ринат Заитов
Көркемдік жетекшісі – Жұлдызбек Жұманбай

Өтетін уақыты: 2021 жыл 25 қараша , Түркия уақытымен сағ 17:00-де, Қазақстан уақытымен 22:00-де.
Өтетін орны: Cemal Reşit Rey Concert Hall (Cemal Reşit Rey Konser Salonu)
Harbiye, Dar'ül Bedayi Cad No:6, 34371 Şişli/İstanbul

Қазақ халқының мақтаныш етер асыл мұрасы, рухани жәдігерлері ішінде ұмыт болып бара жатқан қазақтың тұрмыс-салтқа бағытталған "Алтыбақан" ұлттық ойыны – қазақ жастарының ертеден келе жатқан кешкілік бас қосып, ән айтып, домбыра тартып, айтыс жасап, би билеп, түрлі ойындар ойнап, көңіл көтеріп, ойын-сауық құратын кеші. Осы ұлттық ойынның төңірегінде әуелеткен дәстүрлі ән мен күмбірлген күй, билеріміз бір бірімен астасып, ойын-сауық ән кеші ұсынылады.
Дәстүрлі өнерімізді ұлықтаушы «Алатау» дәстүрлі өнер театры ұжымы күні кеше Түркия еліне, Ыстамбул қаласына, «Алтыбақан» ойын - сауық бағдарламасымен іс-сапарға аттанды. «Алтыбақан» ойын - сауық бағдарламасында дәстүрлі әндермен қатар ұмыт болып бара жатқан, көне дәстүрлі ән-жырлар да орындалды. Театрымыздың толық шығармашылық тобы (60-қа жуық артист) өнер көрсетпек.
Бүгінгі күні түркі әлемін қазақ өнерімен сусындандырса, болашақта қазақтың дәстүрлі өнерін әлемге паш етпек.Күміс көмей, жез таңдай әншілеріміз түрік тілінде де ән шырқайды.
Кеш қонағы: Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі – Абзал Сапарбекұлы

Бөлісу: