Жәнібек Кәрменовтың шығармалар жинағының тұсаукесері өтеді

«Алатау» дәстүрлі өнер театры 2019 жылдың 15 мамыры күні сағат 11:00 де ҚР Ұлттық кітапханасымен бірлесіп кітапхананың Н. Дәулетова атындағы залында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі, әнші, ақын, композитор, қаламгер, ұстаз, ғалым Жәнібек Кәрменовтың соңында қалған рухани мұрасын жинақтаған 4 томдық шығармалар жинағының тұсаукесерін өткізеді.

«Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры, Ж. Кәрменовтың шәкірті, фольклортанушы ғалым Берік Жүсіповтың жауапты редакторлығымен (құрастырушылар Б. Жүсіпов, Ж. Кәрменовтың жары Т. Тұрсынханова, Театр мамандары А. Ақан, Т. Болсынбек) және Театрдың Көркемдік кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылған төрттомдықта Ж. Кәрменовтың әр жылдары қаламынан туған мақалалары, өлең-толғаулары мен ой-толғаулары, сұхбаттары, телехабарларға әзірлеген сценарилері, бұрын жарияланған әңгімелері мен повестері,сондай-ақ баспа бетін көрмеген, аяқталмай қалған шығармалары және ол туралы жазылған естеліктер топтастырылған.

КЕЛЕМІН ДЕУШІЛЕРГЕ ЕСІК АШЫҚ!!!

Бөлісу: