Алматы қаласының Мәдениет басқармасына қарасты өнер ошақтарының ұйымдастыруымен Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қуыршақ театрында бүлдіршіндерге арналған кеште "Алатау" дәстүрлі өнер театрының фольклорлық-этнографиялық ансамблінің әсем әуендері көрермендерін сырлы сазға бөледі.

Қуыршақ театрының балаларға арналған қойылымдары қойылып, Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі қойған балалар әдебиетінің таңдамалы шығармаларының көрмесі де өтті.

Бөлісу: