"Күміс көмей" бағдарламасының түсірілім алаңында Қазыбек Әдікей мен Бибігүл Қилымхан

Qazaqstan Ұлттық телеарнасының жаңа "Күміс көмей" атты бағдарламасының түсірілім алаңында театрдың әншілері, Қазақ өнерінің қайраткері Қазыбек Әдікей мен Бибігүл Қилымхан "Күдері мен Ұлбикенің" айтысынан үзінді орындады.

Шежіреші, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинаушы Мәшһүр Жүсіп Көпеев пікірінше: «Бұрынғылар деп жазады ол, — домбыра ұстап өлең айтатұғыннан қайым білесіңбе деуші еді… Қайым деп екі ақынның айтысқан өлеңін айтады екен. Сонда қайым өлеңнің ілкі басын Күдері қожа мен Ұлбике қыз айтысқан. Бұл екеуінен бұрын өлең де жоқ, айтыс та жоқ. Бұрынғынікі мақал тақпақ. Бұлардан бұрын жырлап сөйлейтұғын болған»

Қайым айтысының шоғы болған Күдері мен Ұлбикенің айтысы заманға сай ансамбльдің сүйемелдеуімен айтылды. Бұл да болса төл өнеріміздің қайта жандануы деп білеміз.

Бөлісу: