Сенбілік жұмыстар

"Алатау" дәстүрлі өнер театры, еліміздегі төтенше жағдай, covid-19 індетіне байланысты, 2020 жылдың 13-наурызынан бастап, өз жұмысын уақытша тоқтатқан болатын. Театрдың қайнап жатқан тіршілігі онлайн түрде жұмысқа көшкен еді. Осы уақыт аралығында шығармашылық құрам көптеген онлайн концерттер ұйымдастырып театрдың өркендеуіне зор үлестерін қосты. Шығармашылық топ, киноқойылымдар ұйымдастыру бөлімі, сахнаны техникалық жабдықтау, есеп бөлімі, кадр бөлімі онлайн түрде жұмыстарын жалғастырса, театрда қызмет ететін басқа бөлімдер кестеге сай қызмет еткендерін айта кеткеніміз жөн болар. Инженерлік коммуникацияларды қамтамасыз ету қызметінде қызмет ететін, сантехник, электрик, өрт-сөндіру мамандарының жұмысын театрда тоқтату мүмкін емес еді. Бұл қызметкерлердің ауысым бойынша жұмысқа шығулары қамтамасыз етіліп, жұмыстарын тоқтатпай еңбек етті. Ал шаруашылық жабдықтау бөлімін басқарып отырған Қамиев Солтанбектің жұмысын атамай кетпеуге болмас. Себебі театрдың ішкі тазалығы тікелей осы кісінің қатаң бақылауында болып, еден жуушылар өздерін алғы шепте көрсете білді. Ең әуелгі кіре берістен бастап, барлық ішкі нысандарды залалсыздандырып, дезинфекция жасау әрине осы қызметкерлерге жүктелген болатын.
Ал, бүгін 15-тамыз күні, театрымыздың директоры Уәшев Дәлел Зейнешұлының бастамасымен театр аумағында сенбілік өтті. Сенбілікке бастан аяқ бас-көз болған театрдың дамыту жөніндегі орынбасары Халел Оңғарұлы. Бұл сенбілікке ұйымшылдықпен ат салысып, әкімшілік тарапынан жасалып жатқан, театрдың сыртқы жөндеулеріне қарамастан, аулада өсіп кеткен арам шөптерден арылтып, арықтарды тазартып, артық жатқан қоқыстардан тазартты. Сенбілікке ат салысқан, сахнаны техникалық жабдықтау бөлімі, инженерлік коммуникацияларды қамтамасыз ету қызметі, киноқойылымдар ұйымдастыру бөлімі қызметкерлеріне айтар алғысымыз шексіз.

[gallery ids="8802,8803,8805"]

Бөлісу: