Бүгін «Алатау» дәстүрлі өнер театрының көру және есту мүмкіндігі шектеулі жандардың мәдени демалысын ұйымдастыру бөлімі аттестаттаудан өтті.

Театр директоры Дәлел Уашев бөлім қызметкерлеріне сәттілік тілеп, коммиссия мүшелері театр директорының дамыту жөніндегі орынбасары Х. Оңғарұлы, заңгер Бақытбек Досымханұлы, персоналды басқару бөлімінің басшысы Ж. Жамағатқызына жұмыс барысын тапсырды.

Аттестаттау зағип жандардың мүмкіндігін ескере отырып мұқият жасалды.
Бөлім басшысы Ғазизхан Ибрайханұлы қызметкерлеріне аттестаттауды абыроймен тапсырып шығатындарына сенім білдіріп оларды жігерлендіріп қойды.

Мәдениет саласындағы қызметкерлерді аттестаттау 5 жылда бір келіп, мамандардың біліктілігін артыратыны сөзсіз.

Бөлісу: