Көңіл айтамыз

ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Еркебұлан Мүсіреп саналы ғұмырын Қазақ өнерінің өркендеуіне арнаған жан. Ахмет Жұбанов құрған Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрін ұзақ уақыт басқарып, ұлтық музыка өнерін әлемге паш етті. Көптеген өнер ұжымдарымен қызмет жасап, үлкен белестерге көтере білді.
«Құрмет» орденінің иегері, профессор, Қостанай облысы Қарабұлақ ауданының «Құрметті азаматы» Еркебұлан Мүсіреп еліміздің мәдениет саласының дамуына елеулі үлес қосып, туған еліне риясыз қызмет жасаудың жарқын үлгісін көрсете білді.
«Алатау» дәстүрлі өнер театрының ұжымы мен өзімнің атымнан марқұмның отбасы мен әулетіне қайғырып көңіл айтамыз. Өнегелі өмірі мен жарқын бейнесі баршамыздың жүрегімізде мәңгі сақталады.

«Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры Д. Уашев.

Бөлісу: