Дәстүрлі өнердің жанашырлары ұлттық өнердің болашағы жайында дөңгелек үстел өткізді.

 

23 - ші ақпан Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты «Алатау» дәстүрлі өнер театрында қаламыздағы дәстүрлі әншілік мектептердің өкілдері және өнер шеберлерімен бас қосу өтті. Мұндағы мақсат, барлық дәстүрлі ән өнерін ондағы 5 мектепті біріктіре отыра, барынша қазақ елінің халқын дәстүрлі әнмен сусындата отыра, сондай-ақ, ұлтымыздың ән өнерін жаңаша бір бағытқа түсіріп, арнасын анықтау.

Жиын барысында өнер үшін отқа да, суға да түсетін дәстүрлі ән дәріптеушілері театрға алынса екен деген ұсыныстар да айтылды.
Дәстүрлі ән өнерінің айтулы өкілдері Ринат Заитовтың жаңа қызметі мен тың бастамаларына сәттілік тіледі!

Барлық ұлттық өнерімізді оның ішінде күй, ән-жыр, айтыс, театр өнерін біріктіріп барынша қазақ елін дәстүрлі өнермен сусындату мақсатында бірталай пікірлер айтылды.

"Алатау"  дәстүрлі өнер театры

Бахтиярова Ақбота

Бөлісу: