«Кез болған соң кер заман»

Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты «Алатау» дәстүрлі өнер театрында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне» арналған
«Кез болған соң кер заман» атты музыкалық-қойылым концерт өтті.

Қойылымда саяси қуғын-сүргінге ұшыраған сал-серілер мен ақындардың, күйшілер мен жыраулардың, әнші-композиторлар Үкілі Ыбырай, Иманжүсіп Құтпанұлы, Тұрмағанбет Ізтілеуұлы, Қапез Байғабылұлы, Сұлубай мен Бүркітбай, Аманғали, күйші Сейтек сынды өнер тұлғалары мен қоса Міржақып Дулатұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Шәкерім Құдайбердіұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Мағжан Жұмабай, Сәкен Сейфуллин сияқты ұлттық саяси -мәдени элитасының әндері де айтылып, рухты мұралары насихатталып, сахналанды.

Қазақ дәстүрлі ән өнерінде Алаш зиялыларының шығарған әндер шоғыры – бір төбе. Олардың ерекшелігі – өлеңдері арқылы саяси қарсылық жасауға шақырғандары айқын көрініп тұрады. «Алаш кезеңі» деп Қарқаралы петициясы жазылған 1905 жыл мен Алаш зиялылары жаппай атылған 1937-38 жылдардың аралығы қамтылды.

Кеш қонақтары қатарынан
Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы Ғани Айдарұлы ,
ғалым, профессор Ғарифолла Әнес,
жазушы-публицист Бейбіт Қойшыбаев және «Алаш» қайраткерлерінің ұрпақтары бой көрсетті.

Қойылым соңында актерлерге
Алматы қаласы әкімдігінің атынан ықылас гүлі ұсынылды .

Замира Қазақбайқызы
Бөлісу: