4 маусымның жабылуы

Еңселі елорда күніне орай ұйымдастырылған
« Берекелі бақ орда» атты « Алатау» дәстүрлі өнер театрының » 4- маусымының жабылу кеші өтті.
Қоюшы режиссер - театрымыздың бас режиссеры Жұлдызбек Жұманбай, өте жоғары деңгейде өтіп, көрермен ықыласы ерекше болды.

Көпшілік ішінен
ризашылығын білдіріп қазақтың дәстүрімен шашу шашқан ақ жаулықты көрермен апаларымыз да табылды.

Салтанатқа қатысқан Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бекжан Тұрыс - «Мен қазақ даласынан қазақты іздедім, сол қазақты осы театрдан таптым. Енді мен сіздердің тұрақты көрермендеріңіз боламын » - деп үлкен алғысы мен ықыласын білдірді.

Кешті тамашалаған
Тұңғыш қазақ тілінде жазылған «Халықтық көші-қоны туралы » заңының авторы , ақын, сатирик -
Әкім Ысқақ – « Трафареттік концерт емес өзгеше бір керемет, қазақтың рухын, жан дүниесін, тебіренісін, өмірге деген құлшынысын көтеретін, заманауи әндер мен бұрынғы әндерді ұштастыратын композиция болды. Театр артистеріне, әншілерге өте ризамын, Жасай берсін Алатаудың өнер ордасы, жасай берсін Алатаудың дәстүрлі өнер биігі» - дей келе осындай композициялар жер- жерде көрсетілгенін қалайтын ниетін білдірді.

🔸Көрерменнің құлақ құрышын қандырған кеш, осы ұлттық өнерімізбен үлкен өркениетке қослатынымыздың іспеті секілді. Театр директоры Ринат Заитов ұжымды маусымның нәтижелі аяқталуымен құттықтап, көрермендерге театрымыздың 5 маусымында жаңаша, таң қалдырарлық біршама тың туындылармен қарсы алатынымызды жеткізді.

Әзірге әлеуметтік желілерді бақылап отырыңыздар! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болғай!

@akim_yskak
@bekzhan_turys

#alatautheater
#almatymadeniet

@alatau.theater
@almatymadeniet
@gannur
@rinat_zaitov_resmi

фотосуреттер авторы: Досмалов Әнуарбек

Бөлісу: