Дәстүрлі әншілеріміз Қаратөбеден құр қол қайтпады!

Шандоз ән шебері, ақын, халық композиторы, күйші-домбырашы Мұхит Мерәліұлының Орынбор, Қостанай, Жаманқала, Қазалы, Троицк, Ақтөбе, Арал, Атырау облыстарын аралап, жәрмеңкелерге қатысып, даңқы шығып, Әнші Мұхит, Сал Мұхит атанғанын тарихтан білеміз. Мұхит мәтінде бейнеленген ойлау формаларының сезімдік әсерін әуен арқылы жеткізіп, тыңдаушыларын эстетикалық-эмоционалдық көңіл-күйде қалдыра білген. Оның халық арасына кең тараған «Айнамкөз», «Үлкен Айдай», «Кiшi Айдай», «Зәуреш», «Паңкөйлек», «Дүние», «Ақ Иiс» әндерi – музыка мәдениеті тарихының классикалық үлгілерінің баға жетпес қазынасы.

БҚО Қаратөбе ауданында 24-26 тамыз аралығында Мұхит Мерәліұлының 180 жылдығына орай «Ән құдіретін асқақтатқан Мұхит сал» атты 3 кезеңнен тұратын республикалық әншілер байқауы өтті. «Алатау» дәстүрлі өнер театрының Орындаушылар құрамының артистері аталмыш байқауға қатысып, Қайратбек Бектұрсын III орын иеленіп, лауреат болса, Абилбаев Рауан Бауыржанұлы дипломант ттықтаймыз. Биіктерден көріне беріңіздер!

Қуаныш Жұмабекұлы
«Алатау» дәстүрлі өнер театры
Әдебиет бөлімінің басшысы

Дереккөз: adyrna.kz

Бөлісу: