Сәркенова Жанаргүл

Дәстүрлі әнші

Сәркенова Жанаргүл Құттыбекқызы – дәстүрлі әнші, өнертану ғылымдарының магистрі, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты, «Алаш ұстазы», «Өнер жанашыры» медальдарының иегері, ҚР Мәдениет саласының үздігі

Сәркенова Жанаргүл 1990 жылы 8-ші мамырда Атырау облысы, Индер ауданы, Бөдене ауылында дүниеге келді.

1997-2006 жылдар аралығында Бөдене орта мектебінде білім алды.

 2006-2010 жылдар аралығында «Д.Нұрпейісова атындағы Халықтық Музыка Академиясы» Атырау музыка колледжінің халық әні класында ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Рая Шәріпқызы Латифуллинадан дәріс алды.

          2010-2014 жылдар аралығында  Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының халық музыка факультеті, халық әні кафедрасында оқып,үздік дипломмен аяқтады.

          2014-2016 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясында ғылыми-педагогикалық бағытта магистратурада білімін жалғастырды. 2016 жылы «Дәстүрлі музыкалық өнер» мамандығы бойынша «Өнертану» ғылымының магистрі академиялық дәрежесін алды.

Конкурс жетістіктері:

  • Әбубәкір Кердері атындағы аймақтық-республикалық жыршы-термешілер байқауының І орын жүлдегері (2008 ж.)
  • Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері, халық әртісі, әнші Ғарифолла Құрманғалиевтің 100 жылдығына арналған республикалық «Ақжайықтан ән оздырған» атты әншілер байұауының ІІ орын Шайқы атындағы жүлденің иегері(2009 ж.).
  • Павлодар қаласында өткен республикалық « VІ Дельфийлік ойындар» байқауында «Алтын медаль» (2010 ж.).
  • Международный фестиваль «Дельфийских игр»- Сертификат (2011 г.)
  • Ресейдің Астрахань қаласында өткен халықаралық « Голоса Золотой степи – 2011» фестиваль-конкурсының лауреаты, ІІІ орын (2011ж.)
  • Күріш Тасболатовтың 70 жасқа толуына орай ұйымдастырылған «Маңғыстаудың жеті қайқысы» әндерін орындаушылардың республикалық конкурсы. Дипломант. (2011 ж.).
  • Жоғары оқу орындары арасында өткізілетін республикалық олимпиаданың ІІІ орын иегері( 2012 ж.)
  • Ж. Елебеков атындағы V республикалық әншілер конкурсы. Дипломант. (2012 ж.)
  • Республикалық Әсет Найманбаев атындағы «Інжу-маржан» атты әншілер конкурсының лауреаты. ІІІ орын (2012 ж.).
  • Әміре Қашаубаев атындағы дәстүрлі орындаушылардың ІХ республикалық конкурсы. ІІІ орын. (2013 ж.).
  • Қалалық «Күміс көмей, жез таңдай» әншілер конкурсы. ІІІ орын (2015 ж.).
  • Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мекес Төрешовтың мерейтойына арналған республикалық әншілер сайысының лауреаты. І орын (2015 ж.).
  • «Қазақ дауысы» Халықаралық ән байқауы. Дипломант. (2015 ж.).
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Алматы қалалық «Ана тілім-ән –жырым» байқауы. ІІ орын. (2016 ж.).
  • Ән дария дүлділдері I-республикалық әншілер байқауы. III-орын (2017ж.)
  • Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері, халық әртісі, әнші Ғарифолла Құрманғалиевтің 110 жылдығына арналған республикалық «Ақжайықтан ән оздырған» әншілер конкурсы. ІІ орын. (2019 ж.).

Марапаттары:

  • Мақтау қағазы- ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай концерт. 0111 Әскери бөлімі командирі А. Тоқпановтан. 2011 ж. Алматы қаласы.
  • Алғыс хат – Әміре Қашаубаевтың 125 жылдығына арналған ІХ Республикалық конкурсына қатысқаны үшін. (2013 ж.) Өскемен қаласы.
  • Сертификат – Дәстүрлі өнер орындаушыларының халықаралық шеберлік сағаты. (2014 ж.) Алматы қаласы.
  • Алғыс хат – Халықаралық «Танысу Алматы» конкурсына лауреат дайындағаны үшін. Италия. (2014 ж.)
  • Алғыс хат – Нұрғиса Тілендиев атындағы республикалық байқауға лауреат дайындағаны үшін. (2015 ж.) Алматы қаласы.
  • Алғыс хат – С. Ж. Асфендияров Қазақ Ұлттық Медицина университетінің 85 жылдығына орай, «Бес ғасыр жырлайды» кешіне қатысқаны үшін. (2015 ж.). ҚазҰМУ ректоры А.Ақанов. Алматы қаласы.
  • Алғыс хат- «Дәстүрлі музыка өнері» мамандығы бойынша Кіші олимпиадаға лауреат дайындағаны үшін. (2015 ж.) Алматы қаласы.
  • Сертификат –«Дәстүрлі музыкалық мәдениет: өткені мен бүгіні атты Халықаралық ңылыми-практикалық конференцияға қатысқаны үшін. (2015 ж.) Алматы қаласы. Құрманғазы атындағы ҚҰК.
  • Алғыс хат - «Ұлы дала дарыны» Республикалыұ байқауына лауреат дайындағаны үшін. «Үркер» шығармашылық орталығы. (2015 ж.) Алматы қаласы.
  • Алғыс хат – «Түрксой» халықаралық ұйымының 25 жылдық концертіне қатысқаны үшін. Дүйсен Қасейнов. Түркия. (2016 ж.).
  • Сертификат – «Ән салу» мамандығы бойынша Халықаралық шеберлік сағаты. Юнеско. Алматы. (2016 ж.),
  • Алғыс хат – «Маңғыстау өңірінің ән, күй, жыр мұрасы» концертіне қатысқаны үшін.Ықылас атындағы халық аспаптар музейі. Ұ. Байбосынова. (2016 ж.) Алматы.
  • Алғыс хат - Қазақ КСР-інің Халық әртісі Гүлжихан Галиеваның 100 жылдығына орай ғылыми конференцияға қатысқаны үшін. (2017 ж.). Алматы.
  • Құрмет грамотасы. ҚР Тәуелсіздік мерекесіне орай. Ж. Елебеков атындағы Колледж директоры Д. Уашев. (2017 ж.) Алматы.
  • Құрмет Грамотасы – Ұстаздар мерекесіне орай. Алматы қалалық «Кәсіподақ төрайымы Оразалиева Р.Д. (2017 ж.) Алматы.
  • Алғыс хат – «Өтеді талай қызық тіршілікте» Батыс Қазақстан және Бесқала Жырлары концертіне қатысқаны үшін. (2017 ж.)Алматы.
  • Алғыс хат – «АСТАНА-АРҚАУ» Халықаралық фестиваліне қатысқаны үшін. (2017 ж.). Астана.
  • Мадақтама – «Сырым бар жүрегімде» атты республикалық байқауға лауреат дайындағаны үшін. (2018 ж.). Алматы.
  • Алғыс хат – «АРТ ПОКОЛЕНИЕ» шығармашылық орталығы. (2018 ж.). Алматы.
  • Диплом – «Үздік ұстаз» республикалық «Жеті өнер «байқауына лауреат дайындағаны үшін. (2018 ж.). Алматы.
  • Алғыс хат – «Алатау шыңы» ІІІ Республикалық байқауына қазылық еткені үшін. (2018 ж.). Алматы.
  • Алғыс хат – «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» Халықаралық форумы аясында өткен «Мәңгілік сарын» фестиваліне қатысқаны үшін. Атырау облысы әкімінің орынбасары Н. Сайлауова. (2018 ж.). Атырау.
  • Сертификат – «Өнер үйлесімі» семинарына қатысқаны үшін. (2018 ж.). Алматы.
  • Мадақтама- «Жеті өнер» Халықаралық балалар байқауына қазылық еткені үшін. (2019 ж.) Алматы.
  • Сертификат- «Жаңа технологияларды пайдаланып, халық әндерін үйрету әдістері» курсы. (2019 ж.). Алматы.
  • Алғыс хат – «Отырар сазы фольклорлы этнографиялық ұлт-аспаптар оркестрінің концертіне қатысқаны үшін. Атырау қаласы әкімі А. Құттымұратұлы. (2019 ж.). Атырау.
  • Алғыс хат – «Отырар сазы фольклорлы этнографиялық ұлт-аспаптар оркестрінің концертіне қатысқаны үшін. Астрахань қалалық «Құрманғазы» атындағы аймақтық-мәдениет орталығының директоры А.Абулгазиев. (2019 ж.). Астрахань. Алтынжар.

2015-2017 жылдар аралығында «Гүлдер» мемлекеттік ән –би ансамблінің солисті болып еңбек етіп, Қазақстанның бірнеше қалалары және Астрахань, Мәскеу, Әзербайжан, Түркия концерттік сапармен  елдерінде болды.

Өнер саласына қосқан үлесі,шәкірт тәрбиелеудегі еңбегі ескеріліп, 2018 жылы «Алаш ұстазы», «Өнер жанашыры» медальдарымен марапатталды.

Қазіргі таңда Алматы қаласындағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрының дәстүрлі әншісі. Ж. Елебеков атындағы РЭЦК Қазақ КСР Халық әртісі, әнші Ғарифолла Құрманғалиев мектебінде «Батыс ән класы» бойынша дәріс береді.