"Алатау" фольклорлық-этнографиялық ансамблі

"Алатау" фольклорлық-этнографиялық ансамблі

2018 жылы "Алатау" дәстүрлі өнер театрында  "Алатау" фольклорлық-этнографиялық ансамблі құрылды. Ансамблі жетекшісі – ҚР Мәдениет қайраткері, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты - Марат Нүкеев. Оркестр әр жылдарда жас маман кадрлармен толықтырылып отырды.

2019 жылы ансамбльдің көркемдік жетекшісі Аслан Гумаров болып сайланды.

Ансамбль құрамы ұлттық аспаптар - домбра, баян, қылқобыз, флейта,

дарбука, сылдырмақ, тоқылдақ, ұрмалы аспап- тахон,

прима домбра, прима қобыз, сыбызғы, сазсырнай, шаңқобыз, бас домбра, жетіген.

«Алатау» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің репертуары:

 

Қолбасшы. Р. Күлшебаев

Зәурен. Ш. Шалап

Құлагер. О. Дүйсен

Нұрлы бейнең. А. Есмұхан

Борино-оро (Сербия халық әні)

Риорита. Э. Сантеухини

6-ән попурри (Халық әндері)

Can’t help falling in love. Элвис Пресли

Қара жорға. Қазанғап

Ай сәуле (Қытай халық әні)

Шашу (қазақ, татар, азербайжан, түрік халықтарының биі)

Derniere dance (Франция)

Ыңғай төк. Сүгір

Балбырауын. Құрманғазы

Адай. Құрманғазы

Ансамбльдің музыкалық аспаптары: бас домбыра, прима домбыра, баян, прима қобыз, шертер, жетіген, қылқобыз, соқпалы аспаптар: дабыл, кахон, дарбука.

Ансамбль құрылғаннан бастап 1 жыл ішінде «Алатау» дәстүрлі өнер театрының мерекелік шараларға әзірлеген концерттерінде, Театр өнерпаздарының жеке есеп беру концерттерінде музыкалық аспаптармен сүйемелдеп отырды. Сонымен бірге, ансамбль «Ұлттық домбыра күні», Қала күні, 2018 жылы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында өткен «Түрксой» халықаралық фестиваліне қатысып өз өнерлерін көрсетті.