Әсет Есжан

«Алатау» дәстүрлі өнер театрының актері

Есжан Әсет Нұрәкімұлы 1990 жылы 17 қарашада Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Дарданты ауылында дүниеге келген.

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Актерлік өнері» мамандығын оқыған.

2012-2017 жылдар аралығында Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында актер болып қызмет атқарды.

Театр сахнасында сомдаған рөлдері: И. Ғайып «Фатима» - қара киімді; Хугаев «Қара шекпен» - Шопан; У. Шекспир «Ромео мен Джульетта» - Меркуцио; «Базарың тарқамасын» - Естай ақын; «Бремен музыканттары» - Трубадур.
Кино саласында да еңбек етіп келеді: А. Сатаев «Жау жүрек мың бала» - аудармашы; Ж. Пошанов «Бұлбұл» - Марат; 31-арна түсірген «Адасқандар» телесериалы – Хатшы; Е. Тұрсынов «Жат» - НҚВД қызметкері; А. Қарпыков «Ұзақ жол» - Қалдыбай.
2013 жылы «Хабар» арнасы ұйымдастырған «Жігіт сұлтаны» тележобасының 3- орын иегері.
2018 жылы бастау алған «Алатау» дәстүрлөнер театрының үлкен жобасы, Жамбыл Жабаев бабамыз жайындағы «Жыр жолбарыс» музыкалық спектаклінде Жамбыл атамыздың рөлін сомдады.

Қазіргі таңда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының актерлық құрамының актері.