Нәсіпжан Басшыбай

«Алатау» дәстүрлі өнер театрының концерт жүргізушісі

Нәсіпжан Бейбітұлы Басшыбай – 1979 жылы 6 мамырда, Алматы обласы, Балқаш ауданы, Балатопар ауылында дүниеге келген.

1996 ж Балатопар ауылында Ж. Жабаев атындағы орта мектепті тәмамдаған.

1996-2000 жж Т. Жүргенов атындағы ҚАЗҰӨА профессор Мұрат Әбзелбаевтан тәлім алып, «сөз сөйлеу жанры актері» мамандығын алған.

2000 жылы еңбек жолын Алматы қаласындағы Мемлекеттік Қуыршақ театрында бастаған

2001 ж Қазақконцерт гострольдік бірлестігінің шақыртуымен концерт жүргізушісі болып қызмет атқарған

2017 ж «Алатау» дәстүрлі өнер театрында артист, концерт жүргізушісі болып қызмет атқарып келеді

Сахнадағы рөлдері:

1999-2000 жж Ақтөбе қаласындағы Т. Ақтаев атындағы драма театрында дипломдық жұмысы «Құлагер» поэмасында басты рөлді сомдаған;

«Аққу жібек» мюзклінде Төлеген ролін, «Құрманғазы» қойылымында Құрманғазы бейнесін сомдаған.

Жүргізген бағдарламалар:

Алматы қаласында ИнтерНюс каналында «Менің қалам» бағдарламасы;

Орталық Азия бағдарламасында жаңалықтар легі;

Қазақрадиосында таңғы бағдарламалар.

«Алатау» дәстүрлі өнер театр сахнасында:

2017 жылы Алматы қаласында өткен Қысқы Универсиада да, Астана - ЭКСПО шараларында концерттік бағдарламаларды жүргізген;

Театрдың тырнақ алды туындысы «Жыр жолбарыс» спектаклінде Жамбылдың әкесі Жапаның бейнесін сомдайды;

«Мұқағали» поэтикалық қойылымында Мұқағали бейнесінде;

Тәуелсіздік күніне арналған «Мәңгі жаса, Қазақстан» концертінде «Абылай хан» бейнесінде.