Әбдуахап Сымбат Иззатуллақызы

Этно-фольклорлық ансамбль артисі

Әбдуахап Сымбат Изатуллақызы  1995 жылдың 10 шы қарашасында Қызылорда облысында дүниеге келген.

№51 М.Қаратаев атындағы орта мектепті бітіріп, 2011жылы Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжіне оқуға түскен.

2014-2015 жылдары Қызылорда облыстық Тұрмағамбет оркестрінде өз мамандығы бойынша қызмет атқарған.

Колледжді 2015 жылы үздік бітіріп, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында  «Халық музыкасы» факультеті, домбыра кафедрасына оқуға түседі.

Президенттік шәкіртақы және ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры стипендиясының иегері. Көптеген байқаулар мен конференцияларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған.

2018-2019 жылдары «Алатау әуендері» МКҚК «Құлансаз» фольклорлық -этнографиялық ансамблінің артисі болған.

Консерваторияны 2019 жылы үздік аяқтап,  ҚҰК магистратура бағдарламасы бойынша  оқуға түскен. Қазіргі таңда ҚҰК 2 ші курс магистранты.

2020 жылдан бастап, Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты «Алатау» дәстүрлі өнер театрында  «Алатау» этно-фольклорлық ансамблінің артисі.

2014 жылы Алматы қаласында өткен ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы Қорының қолдауымен ұйымдастырылған Республикалық кіші Олимпиадада лауреат ІІ-орын.

2014 жылы Құрманғазы атындағы Х Республикалық халық аспаптарында орындаушылар конкурсында лауреат ІІІ орын;

2014 жылы М.Өскінбаев атындағы VI Республикалық күйшілер байқауында лауреат ІІІ орын.

2015 жылы ҚР Тұңғыш Президенті –Елбасы Қорының ұйымдастыруымен өткен шығармашыл жастардың Халықаралық фестивалі «Жас Star» шығармашылық идеяларға құрметі үшін сертификатын иеленді.

2015жылы  EURASIA PIANO FORUM әртүрлі мамандықтағы оқушыларды фортепианоға даярлаудың І Халықаралық байқауы лауреаты ІІ орын.

2016жылы Ә.Бектібайұлына арналған «Әуезді күйдің құдіреті» атты облыстық байқауда Бас жүлде.

2016 жылы Атырау қаласында өткен ҚР Халық әртісі Қ.Ахмедияров атындағы «Күй ұран» атты І Республикалық байқауда «Арнайы жүлде» және «Қ. Ахмедияров атындағы сыйлықты» иеленді.

2017 жылы Алматы қаласында ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы Қорының қолдауымен ұйымдастырылған ҚР ЖОО студенттері арасындағы Республикалық пәндік Олимпиадада лауреат ІІ-орын.

2017 жылы Атырау қаласында өткен ІІІ Халықаралық «Жадыра жас дарын» фестиваль-байқауында лауреат І орын.

2017 жылы Астана қаласында өткен Халықаралық Н.Тілендиев «Өз елім» атты V саз фестивалі аясындағы байқауда лауреат ІІ-орын.

2017 жылы Атырау қаласында өткен Д.Нұрпейсова атындағы V-ші Республикалық «Бұлбұл домбыра» қыз-келіншектер байқауында лауреат ІІІ-орын.

2018 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры стипендиясының иегері.

2018 жылы Атырау қаласында «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» атты халықаралық форум-фестиваль аясында өткізілген Қазақстанның халық әртісі Б.Қарабалина атындағы І Республикалық қыз-келіншектер байқауында лауреат ІІ-орын.

2018 жылы Ақтау қаласында өткен Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, күйші Р.Айдарбаеваның шығармашылығына арналған  І Республикалық қыз-келіншектер байқауында лауреат ІІ-орын және Т.Айдарбаев атындағы арнайы жүлде.

2018 жылы Алматы қаласында  Қаратау өңірі күйшілік дәстүрінің көрнекті өкілі, күйші-композитор әрі дүлдүл домбырашы Төлеген Момбековтың 100 жылдығына арналған домбырашылар сайысында лауреат ІІ орын.

2019 жылы "Өнер-халық қазынасы" атты жеке концертін өткізген.