Құнанбай Аяулым Талғатқызы

Этно-фольклорлық ансамбль артисі

Құнанбай Аяулым Талғатқызы 1985 жылы Семей қаласында дүниеге келген.

2001 жылы Семей қаласындағы Мұқан Төлебаев атындағы музықалық колледжінде флейта классына оқуға түскен.

2002 жылы Семей қаласының Әміре Қашаубаев атындағы Қазақ ұлттық филормониясы оркестрінде жұмыс істеген .

2006 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында сыбызғы дәстүрлі аспаптар классына оқуға түскен.

2007 жылы « Отырар сазы» оркестрінде жұмыс істеген

2010 жылы « Сазген сазы» этно– фольклорлық  ансамблінде  қызмет еткен

2017-2019 жылдар аралығында Башқұртстан Республикасы, Уфа қаласындағы Загир Исмаилов атындағы өнер институтына магистратура бағдарламасы бойынша түсіп, ұлттық аспаптарды насихаттаушы және зеріттеуші мамандығы бойынша білім алып шыққан.

2019 жылдан бері Алматы қаласы  Мәдениет басқармасына қарасты «Алатау» дәстүрлі өнер театрының «Алатау» этно-фольклорлық ансамблінің артисі.

2007 жылғы «Алматы Мәңгілік сарын» конкурсының лауреаты .

Башқұртстан Республикасы, Уфа қаласында өткен "Рождение ветром" атты халықаралық  конкурстың лауреаты

2019 жылы Түркия Республикасының астанасы Анкара қаласында өткен «Ашык Вейсел» халықаралық  конкурсының  лауреаты

2019 жылы өткен  татар өнерінің халықаралық фестиваль-конкурсының  1ші дәрежелі лауреаты