Есіркеп Бағжан Октябрьұлы

Этно-фольклорлық ансамбль артисі

Бағжан Октябрь 1995 жылы 6 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданында дүниеге келген.

2001 жылы Алматы қаласындағы  А. Жұбанов атындағы мектеп-интернатына виолончель мамандығы бойынша оқуға түскен.

2008 жылы Астана қаласының ҚазҰӨУ - нің ректоры Айман Мұсаxоджаеваның шақыруымен Астанаға оқуға түсіп, 2019 жыл бітіріп шықты. Сол жылы Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы консерваториясына магистратура бағдарламасы бойынша оқуға түседі. Астана қаласындағы Евразиялық Симфониялық оркестрінде виолончель тобының топ басшысы, концертмейстері болып қызмет атқарды.

2016-2019 жылдар аралығында “Академия Солистов" атты симфониялық оркестрінің артисті болды.

Қазіргі таңда Алматы қаласында “ Камерата Казахстана” камералық ансамблінің және Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты «Алатау» этно-фольклорлық ансамблінің артисті.

Бағжан әлем саxналарында  өнер көрсетіп жүрген дарынды жас. Ол 2019 жылдың 13 желтоқсанында Нұр- Сұлтан қаласындағы «Қазахстан» орталық залында «Академия Солистов» оркестрінің сүйелмелдеуімен жеке концертін берді.

Италия, Испания, Франция, Англия, Бельгия, Германия, Швейцария, Таджикистан, Корея, Турция, Россия, Австрия, Чехия, Америка, Литва  елдерінде  концерт  берген.

Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаты

2006  жылы "Ақ көгершін " 2 орын

2008 жылы  "Астана мерей " 1 орын

2008 жылы "Giovani Talenti " Италия 1 орын

2010 жылы "Астана Мерей " 2 орын

2012 жылы " Восток Сибирь Запад " 2 орын

2012  жылы " Конкурс молодых исполнителей " Магнитогорск - 1 орын

2012 жылы  "Астана Мерей" 1 орын

2012 жылы  " Ars Polonia " Кыргызстан 2 орын

2014 жылы  "Астана Мерей" 2 орын

2014 жылы  "Fiestalonia" 1 орын

2015 жылы  44 республиканский конкурс молодых исполнителей - 1 орын

2019 жылы  “Шабыт” – Гран при.