Пазыл Тұрсынай Әлібекқызы

Алатау" этно-фольклорлық ансамблінің жетекшісі

Пазыл Тұрсынай Әлібекқызы 1996 жылы  26 наурызда Қызылорда облысында дүниеге келген.

2008-2015жылдар аралығында  Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп интернатының түлегі.

2015-2019 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі.

Қазіргі таңда Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының 2курс магистранты.

1)  «Көктем сазы» республикалық байқауы 1 орын

2) 2014 жылы Алматы қаласында өткен  Республикалық Олимпиада. 2 орын (домбыра), 3 Орын (жетіген) аспаптары бойынша лауреаты атанған.

3) 2015 жылы жетіген аспабы бойынша Алматы қаласы,  Республикалық Олимпиада жеңімпазы.

4) Республикалық байқаулардың Гран при иегері.

5) «Көктем сазы» республикалық байқауында  1 орын алған.

6) 2018жылы « I’m singer»  телевизиялық жобасында өнер көрсеткен.

7) Өзбекстан, Түркия мемлекетінде өткен «Қазақстан жылы» мерекелік концертіне іс-сапар.

«Жәдігер»  фольклорлық ансамблінде сонымен қатар, « Асылтас» жетігеншілер ансамблінде өнер көрсеткен.

2018  жылы сәуір айында Алатау дәстүрлі өнер театрының әртісі қызметіне жұмысқа алынып., қазіргі таңда Алатау дәстүрлі өнер театрының «Алатау фольклорлық ансамблінің жетекшісі қызметін атқарады..

Сонымен қатар инстаграм әлеуметтік желісі арқылы жетіген аспабын насихаттау мақсатасында түрлі видеолар түсіріп көрермен көзайымына айналып жүр.