Аймахан Айдана Үсенқызы

балет артисі

Аймахан Айдана Үсенқызы 1997 жылдың 4 шілдесінде  Түркістан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келген.

2003 жылы «MEIR» балет мектебіне түсіп, 2012 жылы «Хореография» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітіріп шыққан.

2010 - 2015 жылдары  «Шымкент қалалық опера және балет таетрында» балет артисі болып жұмыс істеген.

2015 жылы Шымкент қаласындағы «Алпамыс батыр» атындағы №40 мектеп-гимназиясында білім алған.

2017 жылы « Nikon School» мектебінде «Видео блоггинг» курсын бітірген.

2020 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясындағы «Режиссура» мамандығы бойынша «Өнер» бакалавр дәрежесін тәмәмдаған.

Және де көптеген телевизиялық жобаларға, телесериалдарға қатысып, ҚР танымал әртістерімен клиптерге түскен.

Қазіргі таңда «Алатау» дәстүрлі өнер театры бишілер құрамының артисі.