Кализат Меруерт Қанатқызы

балет артисі

Кализат Меруерт Қанатқызы - 1996 жылдың 26 қазанында дүниеге келген. Туған жері Ақмола облысы, Көкшетау қаласы. 6 жасынан өнер мектебіне қабылданып, би өнерімен айналысқан.

2014 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Хореография» факультетін «Спорттық бал биі мұғалімі» мамандығы бойынша тәмәмдаған.

2012 - Венгрия еліндегі « Budapest dance festivalde» лауреат .

2014- Әзірбайжан елінде өткен 2 халықаралық конкурста 1 орын.

2015 - Еуропа елдеріндегі «Turksoy»  халықаралық  фестиваль.

2016- Баку қаласындағы халықаралық  конкурста 1 орын.

2018 - Берлин қаласындағы «Tanzolymp» халықаралық конкурста 1 орын .

Қазіргі уақытта «Алатау» дәстүрлі өнер театры бишілер құрамының артисі.