Хамзина Мадина Дулатқызы

балетмейстер

Хамзина Мадина Дулатқызы 1994 жылы 26 мамырда дүниеге келді.

2010ж-2014ж. аралығында «Өнер колледжі — музыкалық-эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат кешені, «халықтық би ансамблінің артисі мамандығын тамадады.

2014ж-2019ж. – Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы «хореографиялық режиссура» мамандығын тамамдады.

 

2001ж- 2011ж аралығында Облыстық балалар мен жасөспірімдер өнер орталығында  «Қуанамын » халықтық би студиясына қатысты.

2016ж-2017ж аралығында  Алматы қаласында «Open ballet studio»  мектебінде заманауи  хореографиядан  ұстаздық қызмет атқарды.

2017ж- 2020ж  аралығында «NOVA DANCE» би студиясында  заманауи  хореографиядан  ұстаздық қызмет атқарды.

2018 жылдың шілде айынан бастап «Алатау дәстүрлі өнер театрының» балет артисі,  2019жылдан бастап бишілік құрамның жетекші балетмейстері қызметін атқарып келеді.

Жетістіктері:

2005 жылдан бастап «Қуанамын халықтық би ансамблінің» құрамында  Түрктя, Венгрия, Латвия елдерінде өткен бірнеше конкурстер мен фестивальдердің лауреаты.

2014, 2015 , 2016 жылдары Алматы қаласында өткен  «Бастау »Халықаралық кинофестивалдеріне қатысты.

2015 жылдың наурыз айында Түркі  елдері мекемесімен бірлесе отырып , Наурыз мейрамына арналаған  Парижде, Кельн, Вена қаласында өткен концерттерге қатысты.

2016 жылы Алматы қаласында өткен Республикалық Универсиаданың ашылу және жабылу салтанатына қатысты.

2016 және 2017 жылы қыркүйек айында Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының ректоры Нүсіпжанова Бибігүл Нургалиеваның есеп беру концертіне қатысты.

2016  жылы  Алматы қаласының 1000 жылдық мерей тойын тойлауға  байланысты өткен іс-шараларға қатысты.

2016 жылы Гамар Алмасзадеге арналған   I халықаралық  классикалық және ұлттық би түрлерінен «ұлттық би номинациясы» бойынша 1 деңгейдегі лауреаты.

2016 жылы Қазақстанның тәуелсіздігіне 25 жыл толуына байланысты Пекин қаласында өткен мерекелік концертке қатысты.

 

2017 жылы қаңтарда Алматы қаласында өткен Дүниежүзілік  28 қысқы Универсиаданың ашылу жабылу салтанатына қатысты.

2017-2018 жылдар аралығында Мәскеу қаласында өткен  IX және X Бүкілресейлік Р.В.Захарова  Балетмейстер конкурсына қатысты.

2017 жылы желтоқсан айында Аддис-Абеба қаласында өткен Қазақстан Ресупбликасының 26 жыл тәуелсіздігіне және Эфиопия мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық келісімнің 25 жыл толуына орай өткен концертке қатысты.

2018 жылы  желтоқсан айында Варшава, Прага , Будапешт қалаларында өткен  Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мейрамын тойлау концерттеріне қатысты.