Бесқұланова Жанайым Алтынбекқызы

балет артисі

Бесқұланова Жанайым Алтынбекқызы  1997 жылдың 15 мамырында Алматы қаласында дүниеге келген.

2004 - 2015 жылдар аралығында Алматы қаласындағы М. Мақатаев атындағы №140 шы гимназияда білім алған.

2015-2019 жылдарда Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясындағы «Хореография» факультетінде «Спорттық бал биі мұғалімі» мамандығы бойынша оқуын тәмәмдаған.

2005-2012 жылдары «Радуга» және «Тарлан Спорт» би клубтарында білімін шыңдаған. Ұстаздары В.В. Евсеева мен Камаля Бердиевтер

2007 жылы спорттық  бал билері бағыты бойынша турнирге қатысып  2 орынды иеленген.

2007 жылы спорттық  бал билері «CID UNESKO Miras Cup-2007» турнирінде 1 орын.

2007 жылы спорттық  бал билері «Жұлдыз Экспресс» турнирінде 3 орынға қол жеткізген.

2007 жылы спорттық  бал биінен өткен «Би спортының ашық чемпионаты» атты турнирде 3 орын

2008 жылы Халықаралық би күніне және «CID UNESKO сондай-ақ Н.Ә. Назарбаевтың халықтық білім беру қорының мерекесіне» арналған спорттық және бал билері бойынша «Miras Cup-2008» халықаралық турнирінде 3 орынды иеленді

2008 жылы спорт және бал билері бойынша турнирде 1 орын

2009 жылы «Махаббат тарихы» деген атаумен өткен ҚР-ның ашық чемпионатында 1 орын

2009 жылы  дәстүрлі «Көктем ырғағы» клубтық турнирінде 1 орын

2009 жылы спорттық би бойынша «KAZAKHSTAN OPEN» Халықаралық турнирінде 1 орын

2014 жылы жарық көрген «Қазақстан үміттері» атты кітапқа Бесқұланова Жанайым Алтынбекқызының  есімі енді.

2015 жылы Халықаралық Жастар Шығармашылық Фестивалі «Жастар - 2015» сертификатымен марапатталған.

Осы сәтте «Алатау» дәстүрлі өнер театры бишілер құрамының артисі.