Жұбанышев Ақниет Шынбергенұлы

айтыскер-ақын

Жұбанышев Ақниет Шынбергенұлы 1995 жылы 20 наурызда Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шілікті ауылында туылды.

2001-2012 жж. орта мектепті үздік бітірді 

2016 ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Мәдениеттану» мамандығы бойынша білім алып, үздік бітіріп шықты. 

2016-2017 жж.-Алматы қаласы музейлер бірлестігінің Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығында экскурсовод қызметін атқарды.

2020 ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің гуманитарлық ғылымдар магистрі атанды.

Бірнеше дүркін Республикалық айтыстардың жүлдегері.

2019 жылдан бері Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты «Алатау» дәстүрлі өнер театрындағы импровизациялық топ, айтыскер ақындар құрамында.