Қару Нұрзат Талғатқызы

айтыскер-ақын

Қару Нұрзат Талғатқызы 1994 жылы  25 шілдеде Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Жанкент ауылында туылды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін  аяқтады. (2015 ж)

Артынша Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін филология мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдарының кәсіби магистрін үздік бітіріп шықты. (2017ж)

«Онлайн  айтыс» жобасының Бас жүлдегері.

Байназар Өтепұлының 115 жылдығына орай өткізілген «Жырларын өлең сөзбен көркем еткен» атты ақындар айтысының Бас жүлдегері.

Республикалық ақындар айтысының жүлдегері.

Қазіргі сәтте Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты «Алатау» дәстүрлі өнер театрындағы импровизациялық топ, айтыскер ақындар құрамында.