Сезімхан Шұғайып

айтыскер-ақын

Шұғайып Сезімханұлы 1992 жылы 23 сәуірде Моңғолия мемлекеті, Баян-өлгей аймағында дүниеге келді.

2011-2015 жылдары Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмәмдады.

2015 жылы Алматы қаласындағы Республикалық кітап мұражайында «Кіші ғылыми қызметкер» болып алғашқы қызмет жолын бастады.

2016 жылы Ақтөбе қаласында өткен «Наркескен тілмен жыр етем, Мәңгілік елдің мұратын!» атты Республикалық ақындар айтысында Бас жүлдені қанжығасына байлады.

2017 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Ақсуат ауданында өткен «Туған жерге туыңды тік!» атты Халықаралық ақындар айтысында «Ақсуат айтысының степендиясын» жеңіп алды.

2018 жылдың қазан айында Қостанай қаласында өткен «Тобылым Торғайым, Жүректен Толғайын!» атты Республикалық ақындар айтысында  I орын.

2018 жылдың қараша айында Астана қаласында өткен Халықаралық ақындар айтысында «Мәдениет министрлігінің арнайы жүлдесін» иеленді.

2019 жылы Тараз қаласында өткен «Жамбыл менің жәй атым, Халық менің шын атым» атты Респубикалық ақындар айтысында II орын.

2019 жылы Қостанай қаласында өткен «Бейімбеттің биігі» атты Республикалық ақындар айтысында III орын.

2021 жылы Тараз қаласында өткен «Жамбыл менің жәй атым, Халық менің шын атым» атты Респубикалық ақындар айтысында III орын.

Түркістан облысы, Шымкент қаласында өткен республикалық «Наурыз» айтысында III орын.

Тағы басқа бірнеше Республикалық, Халықаралық ақындар айтысының жүлдегері

2017 жылдан бері  Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты «Алатау» дәстүрлі өнер театрындағы импровизациялық топ, айтыскер ақындар құрамында.