Молдашұлы Жүрсін Ерманов

«Алатау» дәстүрлі өнер театрының айтыскер-ақындар құрамының жетекшісі

Жүрсін Молдашұлы Ерманов 1951 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Қурайлы ауылында дүниеге келді. Мектепке барып, тәлім-тәрбие алған жері – Құлжанбай ауылы.

Еңбек жолын 15 жасында Жезді аудандық «Октябрь туы» газетінде әдеби қызметкер болып бастады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ, Алматы жоғарғы партия мектебін бітірді.

ҚазМУ-дың журналистика факультетін тәмәмдады (1976).

Жезқазған облыстық телерадио комитетінде аға редактор (1971 – 1978ж).

Жезқазған облыстық телерадио комитетінде Бас редактор болды (1978 – 1980 ж).

Жезді аудандық «Октябрь туы» газетінде әдеби қызметкері (1980 жылға дейін).

Алматы жоғары партия мектебін бітірді (1982).

Осы жылдары ақындар айтысының теленұсқасын жасау арқылы асыл мұраны жаңғырту жолын бастады. 1984 жылдың наурыз айынан бергі отыз жыл бойы айтыстың республикалық телеарналардан насихатталуына  мұрындық болды. Ақындар айтысын жинақтап жариялау, зерттеу жұмыстарын жүргізіп, «Қазіргі айтыстар» жинағының 2 томдығын құрастырды. Бірнеше бейне, аудиокассета, дискілері жарыққа шықты.

Қазақ республикалық теледидарында бас редактор (1982 –1992 ж).

«Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі, «Қазақ мемлекеті» газетінде бас редактордың бірінші орынбасары, «Қазақстан қанаты»,«Крылья Казахстана» газетінде бас редакторлық қызметтерді атқарды (1992 – 1996 ж).

Шығармашылық жұмыста болды (1997 – 2003ж).

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің гуманитарлық ғылыми-зерттеу орталығында жетекші ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі (2003 –2006 ж).

«Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Қазақ радиосының Бас директоры болды (2006 ж).

Республикалық Кітап мұражайының директоры қызметін атқарды (2013-2016 ж).

«Жанартау», «Арайлы күн, армысың!», «Ұлытауға бардың ба...», «Құдіретке жүгіну», «Екі тізгін, бір шылбыр», «Құстың көлеңкесі», «Ырғай», «Арнадым сізге», «Көктөбедегі кездесулер», «Алыстан және жақыннан», «Гөй-гөй» т.б. кітаптары жарық көрді.

Ақын, журналист, М. Мақатаев атындағы сыйлықтың екі мәрте иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық Одағының Төрағасы.

2016 жылдан бастап Алматы қалалық Мәдениет басқармасына қарасты «Алатау» дәстүрлі өнер театрындағы импровизациялық топ, айтыскер ақындар құрамының жетекшісі.