Мырзахметова Лаура Құдайбергенқызы

актерлық құрам

Мырзахметова Лаура Құдайбергенқызы  1984 жылдың 15 маусымында

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Нартай Бекежанов ауылында дүниеге келді.

«Нартай сазы» фольклорлық ансамблінде әнші, прима-домбырашы  болып жұмыс істеді (1998-2001ж).

Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Музыкалық драма» факультетінде «Музыкалық театр актері» мамандығы бойынша білім алды (2001-2005ж).

«Ақсарай»  мюзикл театрында актриса болды (2005-2012 ж).

«Сезам» қуыршақ театрында актриса (2010-2011ж) .

«El production Company»  медиа компаниясында актриса болды (2010-2017 ж).

«Ақсарай» мюзикл театрымен Қазақстанның барлық қалаларымен қатар Грузия,Түркменстан,Түркия, Германия, Алжир мемлекеттерінде  де өнер көрсетті ( 2007-2013 ж).

«Көктемнің алғашқы жаңбыры», «Батырлар жолы», «Томирис» атты көркем фильмдерімен қатар «Күй ғұмыр», «Өмір құбылыстары», «Ақ құс», «Әскерден хат»,«Нағыз әке», «Замандастар» сериалдарына түсті.

Қазіргі сәтте Алматы қалалық Мәдениет басқармасына қарасты «Алатау дәстүрлі өнер театрының артисі.