Бекбауов Рауан Қабылұлы

актерлық құрам

Бекбауов Рауан Кабылович  1986 жылдың 13 шілдесі күні  Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Ерназар ауылында туылды.

Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Музыкалық драма актері» мамандығы бойынша білім алды ( 2006-2009 ж).

КТК телеарнасында (2009-2011ж), «Хабар» арнасында дубляж жасады (2011-2015 ж).

Алматы облысы, Талдықорған қаласындағы Бикен Римова атындағы драма театрында актер болып жұмыс істеді (2016 ж).

Бүгінде Алматы қалалық  Мәдениет басқармасына қарасты «Алатау» дәстүрлі өнер театрының артисі.