Жоламан Әміров

актерлық құрам

Жоламан Әміров 1971 жылы 1 мамырда Алматы облысы Райымбек ауданында туған— актерәншіҚұрмет орденінің иегері.

 

Шығармашылығы

  • Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасындағы негізгі рөлдері: Н. Әбутәлиевтің «Өттің, дүние…» спектаклінде Махамбет (реж. Ә.Рахимов), Ш.Құсайыновтың «Алдар Көсесінде» Алдар Көсе (реж. Ә. Мәмбетов), М. Әуезовтің «Қобыландысында» Аққозы, «Қарагөзінде» Дулат және Жарылғап (реж. Ә.Мәмбетов), Е.Домбаевтың «Желіккен жеңгейлерінде» Төлеген, Ә. Кекілбаевтың «Абылай ханында» Тойсары (реж. Б.Атабаев), Д.Исабековтің «Әпкесінде» Қабен және Сұлтан (реж. Б. Омаров), М. Әуезовтің «Айман-Шолпанында» Жантық (реж. Е.Обаев), С.Мұқановтың «Мөлдір махаббатында» Мауытбаев (реж. Ә.Рахимов), И. Сапарбаевтың «Сыған серенадасында» Барон (реж. Е. Обаев, Т.Аралбай), Қ.Ысқақ пен Шахимарденнің «Қазақтарында» Орта жүз биі (реж. Т. әл-Тарази), Т. Нұрмағанбетовтің «Бес бойдаққа бір тойында» Нарбол (реж. Ә.Рахимов), Шахимарденнің «Томирисінде» Морт (реж. Т.әл-Тарази), Б. Мұқайдың «Өмірзаясында» Наполеон, С.Торайғыровтың «Қамар сұлуында» Бақсы (реж. Ә.Рахимов), М.Әуезовтің «Абайында» Нарымбет (реж. Е.Обаев) және т.б көптеген рөлдерде ойнайды.
  • Жоламан Әміров «Өмірге», «Анама», «Әкеме», «Өкініш», «Туған жер», «Жанымның жан жарасы – өкініш», «Тау – Шелек вальсі» атты өлеңдердің авторы.

Марапаттары:

  • Театр фистивальдерінің жүлдегері.
  • 2004 жылы ҚР Президентінің құрмет грамотасымен марапатталған.
  • Құрмет орденінің иегері.
  • 2016 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл" медалімен марапатталған.