Арипов Дәулет Бейсебайұлы

актерлық құрам

Арипов Дәулет Бейсебайұлы  1981 жылы 16 қарашада  қазіргі Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Байқоныс ауылында туылды.

Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында «Музыкалық драма» факультетінде «Музыкалық театр актері» мамандығы бойынша білім алды. (2001-2005 ж)

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Жетісай қаласындағы Қ. Жандарбеков атындағы «Жетісай» драма театрында актер болып қызмет етті. (2006-2007 ж)

«Ақсарай»  мюзикл театрында актер. (2007-2015 ж)

«Ақсарай» мюзикл театрында жүріп, еліміздің барлық қалаларымен қатар Грузия, Түркменстан, Түркия, Германия, Алжир секілді бірнеше елдерде өнер көрсетті.

«Сезам»  қуыршақ театрында актер болды.  (2010-2011 ж)

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Мәдени – бұқаралық жұмыстардың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының ұстазы және режиссері болып қызмет атқарды. (2015-2018 ж)

2019 жылдан бері Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты «Алатау» дәстүрлі өнер театрының артисі.