Сақаев Жасұлан Нұрбекұлы

дәстүрлі әнші

Сақаев Жасұлан Нұрбекұлы  1988 жылы 9 тамызда Шығыс  Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Қосағаш ауылында туылды.

Қазақ қатынас жолдары университетінен «Қаржы» мамандығы бойынша білім алды (2006 -2010 ж).

Ж.Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінің «Дәстүрлі ән» мамандығы бойынша ҚР еңбек сіңірген әртісі Рамазан Стамғазиевтың класынан бітіріп шықты (2010 - 2013ж) .

Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Дәстүрлі ән» мамандығы факультетін аяқтады (2013-2017 ж).

Республикалық  ЖОО арасындағы өткен олимпиададан 3- орын ( 2013 ж).

I Халықаралық «Волшебный Путь Искусства» атты фестиваль-конкруста 1- орын (2013 ж).

Өскемен қаласында өткен Ә. Найманбаев атындағы конкурстан 1-орын ( 2014 ж).

Түркияның ЕскішаҺар қаласында өткен өнер фестивалына қатысып, үздік өнер көрсетті (2013 ж).

Жезқазған қаласында өткен Т. Қалмағанбетов атындағы 1 Республикалық конкурстың дипломанты (2014 ж).

Т. Рахимов атындағы «Сәби болғым келеді» халықаралық дәстүрлі әншілер байқауының 2- орын иегері (2017 ж).

Әнші-сазгер Рымтай Бөдесов атындағы «Есіңде ме...» атты дәстүрлі орындаушылар байқауының бас жүлдегері (2017 ж).

2017 жылдан бастап Алматы қалалық Мәдениет басқармасына қарасты «Алатау» дәстүрлі өнер театрының артисі.

М. Мақатаев атындағы «Жырлайды жүрек» әншілер байқауының бас жүлде иегері (2018 ж).

«Алатау» дәстүрлі өнер театрында жеке шығармашылық концертін өткізді. (2018 ж. 27 мамыр)