Сәркенова Жанаргүл Құттыбекқызы

Сәркенова Жанаргүл Құттыбекқызы  1990 жылы 8- мамырда Атырау облысы, Индер ауданы, Бөдене ауылында дүниеге келді.

Мектеп жасынан «Бөдене» орта мектебінің домбыра үйірмесіне қатысып, ұстазы Гүлбаршын Сариевадан домбыраның қыр-сырын жетік меңгерді.

«Д. Нұрпейісова атындағы Халықтық Музыка Академиясы» Атырау музыка колледжінің «Халық әні» классын үздік дипломмен бітірді. (2006 – 2010ж)

Колледж қабырғасында көптеген республикалық, аймақтық, қалалық конкурстарға қатысып, лауреат атанды.

Әбубәкір Кердері атындағы аймақтық-республикалық жыршы-термешілер байқауының 1 орын  иегері (2008 ж).

Ғарифолла Құрманғалиевтің 100 жылдығына арналған республикалық «Ақжайықтан ән оздырған» атты әншілер байқауында 2 орын

Шайқы атындағы жүлде иегері (2009 ж).

Павлодар қаласында өткен республикалық «VІ Дельфийлік ойындар» байқауында «Алтын медаль» иеленді (2010 ж).

Атырау қаласында «Көмейден құйылады әннің сазы» атты жеке концертін берді. (2010 ж).

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Халық музыкасы» факультеті, «Халық әні» кафедрасында білім алды. (2010-2014 ж.)

Ресейдің Астрахань қаласында өткен халықаралық « Голоса Золотой степи – 2011» фестиваль-конкурсының лауреаты, 3 орын (2011ж).

Күріш Тасболатовтың 70 жасқа толуына орай ұйымдастырылған «Маңғыстаудың жеті қайқысы» әндерін орындаушылардың республикалық конкурсында дипломант (2011 ж).

Жоғары оқу орындары арасында өткізілетін республикалық олимпиаданың 3 орын иегері ( 2012 ж).

Ж. Елебеков атындағы V республикалық әншілер конкурсында дипломант (2012 ж).

Республикалық Әсет Найманбаев атындағы «Інжу-маржан» атты әншілер конкурсында  3- орын (2012 ж).

Әміре Қашаубаев атындағы дәстүрлі орындаушылардың ІХ республикалық конкурста 3- орын (2013 ж).

ҚР еңбек сіңірген әртісі Мекес Төрешовтың мерейтойына арналған республикалық әншілер сайысында 1- орын (2015 ж).

«Қазақ дауысы» Халықаралық ән байқауында дипломант (2015 ж).

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Алматы қалалық «Ана тілім- ән-жырым» байқауы 2- орын (2016 ж).

«Ән дария дүлділдері» I-республикалық әншілер байқауында 3-орын (2017ж).

Ғ. Құрманғалиевтің 110 жылдығына арналған республикалық «Ақжайықтан ән оздырған» әншілер конкурсында 2-орын (2019 ж).

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында ғылыми-педагогикалық бағытта магистратура бағыты бойынша білімін жалғастырды (2014-2016 ж).

Еңбек жолын алғаш Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрада және цирк колледжін Ғарифолла Құрманғалиев мектебінде «Батыс ән класы» бойынша дәріс беруден бастады (2014 ж).

«Дәстүрлі музыкалық өнер» мамандығы бойынша «Батыс Қазақстан ән дәстүрінің орындаушылық ерекшеліктері» тақырыбында ғылыми диссертациясын қорғап, «Өнертану» ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алды (2016 ж).

Р. Глиэр атындағы балалар музыка мектебінде «Дәстүрлі ән» класы бойынша шәкірттер тәрбиеледі (2014 - 2017 ж).

«Гүлдер» мемлекеттік ән –би ансамблінің солисті болып еңбек етіп жүріп, еліміздің түкпір-түкпірімен  қатар Астрахань, Мәскеу қалаларында, Босния-Герцоговина, Сербия шет мемлекеттерінде концерттік іс-сапармен болды. (2015-2017 ж).

2017 жылдан бері  Алматы қалалық Мәдениет басқармасына қарасты «Алатау» дәстүрлі өнер театрының артисі.

ҚР Білім және Ғылым министрлігі, Ғылым комитетінің тапсырысымен шығарылған «Ұлы даланың көне сарындары» жинағына «Шымыр» мен Ақерке» әндері енгізілді. (2019 ж).

Өнер саласына қосқан үлесі, шәкірт тәрбиелеудегі еңбегі ескеріліп «Алаш ұстазы», «Өнер жанашыры» төсбелгілерімен  марапатталды (2018 ж) .

Атырау облысы, Индер ауданы «Жыл үздігі-2019» шарасында «Аудан мақтанышы» номинациясымен марапатталды. (2019ж).

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі  «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін табыстады. (2019 ж).

«Түрксой» ұйымы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған Халықаралық «Абай 175» мерекелік төсбелгісімен марапаттады (2021 ж).

Қазіргі таңда Алматы қалалық Мәдениет басқармасына қарасты "Алатау" дәстүрлі өнер театрының артисі.