Садыков Аманқос Өтегенұлы

дәстүрлі әнші

Садыков Аманқос Өтегенұлы -  жыршы-термеші, 1966 жылы 15 маусымда Қарақалпақстан республикасы, Нөкіс қаласында туылды.

Алматы эстрада-цирк училищесінде «Домбырамен ән салу» мамандығы бойынша білім алды. (1987-1989 ж)

Алматы облыстық филармониясында әнші, термеші болып қызмет істеді. (1989-1990 ж)

С. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің қаржы бөлімін бітірді. (1995-2000 ж)

Маңғыстау облыстық филармониясында әнші-жыршы болып қызмет етті.  (1991-2000 ж)

«Шәмші» деректі фильмінде басты рольді сомдады.  (2014 ж)

«Асау Барақ» дастаны, «Қыз-Жібек» эпосы (үзінді), «Әнес-сахаба» толғауы.

Қашаған, Ақтан, Сүгір, Базар, Майлықожа, Әбу-Бәкір, Тұрмағамбет т.б ақын жыраулардың терме жыр толғауларын жатқа орындайды.

Шымкент университеті педагогикалық ғылымдар факультеті, музыкалық білім мамандығы бойынша оқуға түсті. (2019 ж)

2020 жылдың желтоқсан айынан бастап Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты «Алатау» дәстүрлі өнер театрында жыршы-термеші.