Исаев Санат Ауғанбайұлы

дәстүрлі әнші

Исаев Санат Ауғанбайұлы  1981 жылы 4 шілдеде  Алматы облысы, Кеген ауданында дүниеге келді.

Қаскелең мәдениет колледжінде «Мәдени ұйымдастырушы, оркестр жетекшісі» мамандығы бойынша білім алды. (1998 -2001 ж)

Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясында Арқа ән мектебінде әнші, оқытушы бағыты бойынша дәріс алды. (2001 -2006 ж)

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті жанындағы                         Ө. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында үйірме жетекшісі болды. (2006 -2008 ж)

№175 Жаңа Ғасыр мектеп-гимназиясында 1- санатты ұстаз болып жұмыс істеді. (2008 жылдан бері)

Ә. Қашаубаев атындағы VІІІ-Республикалық конкурстың лауреаты. (2011ж)

Халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломаты. (2012 ж)

Алматы қаласының 1000 жылдығы қарсаңында өткен қалалық көркемөнерпаздар байқауының Бас жүлдегері. (2016 ж)

2017 жылдан бері Алматы қалалық Мәдениет басқармасына қарасты «Алатау» дәстүрлі өнер театрының артисі.

«Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Алатау алабында» атты жеке шығармашылық кешін берді. (2018 ж)