Ағайдаров Ерғали Жанәліұлы

дәстүрлі әнші

Ағайдаров Ерғали Жанәліұлы   1993 жылдың 16 ақпанында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында дүниеге келді.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының  түлегі.  Ұстазы Еркін Шүкімән.

Кенен Әзірбаев атындағы республикалық байқауында 3 - орын.

Республикалық «Күміс көмей, жез таңдай» байқауында 1 – орын.

М. Мақатаев атындағы республикалық «Жырлайды жүрек» байқауында Бас жүлдені иеленді.

Алматы қалалық Мәдениет басқармасына қарасты «Алатау» дәстүрлі өнер театрының артисі (2016-2021 ж).