Алтыбаев Қуаныш Дөненбайұлы

дәстүрлі әнші

Алтыбаев Қуаныш Дөненбайұлы  1992 жылдың 6 шілдесінде дүниеге келді.

Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық  өнер академиясының магистры.

Ә.Қастеев атындағы Оңтүстік Қазақстан өнер және дизайн колледжінде дәстүрлі әнші мамандығы бойынша дәріс алды.

Жеке студияда балаларға домбыра тартып, ән айтуды үйіртеді.

Халқаралық «Қазақ даусы» фестивалінің 3 - орын иегері (2015 – 2016ж).

Н.Тілендиев атындағы республикалық әндер байқауының дипломанты (2014ж).

«Арай» фестивалінің лауреаты (2012ж).

2017 жылдан бері Алматы қалалық Мәдениет басқармасына қарасты «Алатау» дәстүрлі өнер театрының артисі.