Аманжолова Алма

дәстүрлі әнші

Аманжолова Алма Тұрсынбайқызы - ҚР өнер қайраткері, дәстүр және эстрада әншісі.  1977 жылы 26 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келді.

А. Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназиясын бітірді.

Мектеп қабырғасында жүріп, республикалық оқушылар арасындағы «Алатау әндері» атты байқауда 1-ші орынды иеленді.  (1994 ж)

Кенен Әзірбаев атындағы жоғарғы сынып оқушылар арасында өткен жарыста бас жүлдені жеңіп алды. (1989 ж)

Қатарынан оқ бойы озық тұрған кішкентай өнерлі қыздың қабілетіне риза болған әнші - композитор Алтынбек Қоразбаев Алма Тұрсынбайқызын өзіне шәкірт етеді.

Өнердің қыр-сырына баулыған ұстазы А. Қоразбаевпен бірге еліміздің түкпір-түкпірімен қатар шетелдерге де гастрольдік іссапарларға шығып, киелі қара домбырамызбен дәстүрлі ән өнерімізді насихатайды.

А. Қоразбаевтың жеке ән кешінде «Қара пима» толғауын орындау арқылы дүйім қазақ еліне танылады. (1996 ж)

1994–1998 жылдары Ж. Елебеков атындағы эстрада - цирк колледжінің «Халық әні» кафедрасына түсіп, ҚР-ның халық әртісі Қ. Байбосыновтан Арқа және Жетісу ән мектебін «Әнші-домбырашы, ансамбль солисті» мамандығы бойынша тәмәмдады.

Сүйінбай Аронұлы мен Жамбыл Жабаев бабаларымыздың ән-жырларын ансамбльге, эстрадаға салып орындаған алғашқы әншілердің бірі.

Алма Аманжолованың ән қоржынында 100 ге жуық ән мен термелер бар.

Бүгінде Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық  университетінің «Өнер және мәдениет» факультетінің магистранты.

Алма Тұрсынбайқызы  әншілік өнерімен қатар актерлік шеберлігімен де көзге түсті.

Соңғы жылдары Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты «Алатау» дәстүрлі өнер театрының қойылымдарында актрисалық өнерін шыңдап жүр.

2017 жылдың 3 сәуірінен бері Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты «Алатау» дәстүрлі өнер театрының артисі.